Қостанай облысының ауыл шаруашылығы саласында 96 инвестжоба жүзеге асады

Қостанай облысының ауыл шаруашылығында 2027 жылға дейін 96 инвестициялық жоба жүзеге асады.

Машина жасау саласында да ілгерілеу бар. Жылына 70 мың көлік құрастыратын, алып зауыт салынып жатыр. Сондай-ақ ыстық бри-кеттелген темір шығаратын зауыт салу жоспары бар. Өңірге  жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектанов, ауылшараушылығы және өнеркәсіп орындарын аралап, Президент берген тапсырмалардың орындалуы барысын көрді.

Биыл Қостанай облысына ауыл шаруашылығы саласын дамытуға шамамен 175 млрд теңге бөлінді, бұл былтырғыдан 1,7 есе көп. 2027 жылға дейін өңірде  жалпы құны 232 млрд теңге болатын 96 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Алты тауарлы сүт фермасы, ірі екі құс фабрикасы салынады. Нәтижесінде жылына құс етін өндіру 62,5 мың тоннаға артады. Астықты өңірде ұн өндірісі де еселенеДІ. Премьер-министрге «Аруана-2010» серіктестігіндегі диірмен кешенінің жобасы таныстырылды. Кәсіпорын жылына 90 мың тоннаға дейін өнім шығарса, жаңа кешеннің іске қосылуымен ұн өндірісі көлемі 2 есе артады. Қосымша 150-ден астам  жұмыс орны ашылады.

Сайлаубек Әлішев , «Аруана-2010» ЖШС басшысы:

- Екі жыл бұрын Дамудан өнідіріс бөлілімне ақша алып,ол ақшамен мына Алапала деген үлкен мировой брендті оборудование алдық. Сол обороудованиемен жұмыс істейміз бе деген ниет. Бұл оборудование қосылғаннан кейін, Ауған, Өзбек Түркіменнен бөлек Арабский Эмиратқа шығатын ниет бар.

Жылына 70 мың көлік шығаратын зауыт салынып жатыр

Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды ұлғайту және өңдеуді тереңдету жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігін баса айтты. Қостанай бүгінде елімізде машина жасау орталығына айналды десек артық айтқандық емес.Осы өндіріс орындарының қатарын биыл жүк көліктерінің белдеме, блоктарын шығаратын заңа зауыт толықтырды. Одан бөлек, жылына 70 мың көлік шығаратын жаңа Кіа зауыты  салынып жатыр. Премьер-министр аталған өндіріс орындарын аралап, осында жұмыс істеп жатқан жастармен кездесті. Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялап, жас мамандарды қолдаудың маңызын атап өтті. Kia Qazaqstan компаниясы цехының инженері Әмірхан Аманжолов биыл ғана университет қабырғасынан шыққан жас маман. Қазір шанақты бояу цехының желісінде роботтарға қызмет көрсету бойынша электроника инженері болып жұмыс істейді. Оның айтуынша кәсіпорындағы жастар үшін жасалған жағдайлар жылдам кәсіби өсуге ықпал етеді.

Әмірхан Аманжолов, цех инженері:

-  Менің ойымша, жастар үшін өте жақсы жағдай жасалуда. Қазір өндірісте жастар аз, олардың энергиясы жетіспей жатады. Kia Qazaqstan компаниясы маған шетелде оқуды ұсынды, Кореяға бардық. Мен заманауи жабдықтармен танысып, өндірісті көрдім. Бұл жастардың дамуына және үлкен мақсаттарға ұмтылуына тамаша мүмкіндік.

Ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салынады

Үкімет басшысы сондай-ақ сапар барысында Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау кен байыту бірлесігінің қазіргі жағдайымен және жергілікті жылу энергетикалық орталығының жұмысымен танысты. Қара металлургияны дамытуда тағы бір жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Металдандыру дәрежесі 90%-дан асатын ыстық брикеттелген темір өндіретін зауыт салынбақ. Премьер-министр бұл жоба өнеркәсіпті нығайтуда және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды қадам екендігін атап атап өтті. Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағынан Қостанай қаласына дейін магистралды газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба мақұлданды, бұл зауытты қажетті газ көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Энергетика министрлігіне облыс әкімдігімен бірлесіп зауыт құрылысына жәрдемдесу жөнінде тапсырма берілді.

Сергей Кузьменко, «Соколов-Сарыбай кен байыту бірлестігі» АҚ Бас директоры:

- Бұл шын мәнінде серпінді жоба, ол өнімді маржалық қайта бөлумен шығаруға мүмкіндік береді, өйткені өнім домендік қайта бөлуді қажет етпейді, бірақ ол арнайы технологиялық орталықтардың пештерінде тікелей қолданылады. Сондықтан біз үшін бұл жаңа серпіліс, кәсіпорынның одан әрі дамуына мүмкіндік беретін және темір дивизионының өміріне жаңа серпін беретін белгілі бір сынақ.

Қалада бу қазандығының құрылысы жүріп жатыр

Рудныйда жылу беру жүйесін жаңғырту бағытында соңғы екі жылда біршама жұмыс атқарылды. Қоршаған ортаға әсерді азайту мақсатында қазандық мұржаларынан шығатын түтінді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады. Бұл технологиялық процестегі кез келген өзгерістерге тәулік бойы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Василий Новоселов,  Рудный ЖЭО директоры:

- Қазіргі таңда үлкен жоба №1 бу қазандығының құрылысы жүріп жатыр. Ол осыған дейін істемей тұрған. Бұл жобаны 2025 жылдың желтоқсанында жүзеге асырамыз. Сондай-ақ нөмірі екінші турбинаны да қайта жаңғыртып жатырмыз.

Жалпы соңғы 3 жылда жабдықтарды жөндеудің арқасында жылумен қамту желілерінің тозуы 57%-дан 45,7%-ға дейін төмендеді. Олжас Бектенов стратегиялық маңызға ие өнеркәсіптік нысандардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммуналдық инфрақұрылымды уақтылы жаңғыртудың маңыздылығын баса айтты.

Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг