Елде кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді
Ғылым және жоғары білім саласы жылды қорытындылады.
Елде 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 11-і ұлттық. Мемлекеттік Жоғары оқу орындарының саны – 29, азаматтық емесі 14,сонымен қатар дербес білім беру ұйымы біреу, халықаралық біреу, акционерленген – 16 және 48-і жекеменшік.
Барлық білім алушылар саны 642,5 мыңнан асады. Оның шінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың , оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада 2,1 мыңнан астам адам оқиды.