Электрондық сауданы дамыту. LIVE
Қазақстандықтар онлайн-сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. Былтыры 3,2 трлн теңгеге онлайн-сауда жасаған.
Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайған. Елде интернет-сауданы дамытудың әлеуеті жоғарлай түскен.