Елде мультимодальды қоймалар салынады

Елдің 4 өңірінде мультимодальды қоймалар салынады. Осы арқылы электрондық сауда инфрақұрылымын дамыту жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында «Қазпошта» компаниясының басқарма төрағасы Әсел Жанасова мәлімдеді.

Ол заманауи қойма кешендерінің желісі дамып жатқанына тоқталып, халықаралық серіктестермен бірлескен жобаларды жіпке тізді. Атап айтқанда, Алматы, Ақтөбе қаласы және Алматы, Түркістан облыстарында ауданы 85 мың шаршы метрден асатын қоймалар салынбақ. Инвестиция көлемі 100 млн долларға жетеді. Мұндай инфрақұрылым ішкі нарыққа да, трансшекаралық сауданы дамытуға да септігін тигізетін болады.