Елімізде стоматологиялық қызметке сұраныс артты
Былтыр елдің тіс дәрігерлері 56 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды 24kz.
Сау тіске ден қойғандардың дені Алматы мен Астана тұрғындары екен.
Қызық. Сонда бұл мегаполистердегі баға арзан болғаны ма? Әлде аталған нарыққа әсер еткен басқа фактор бар ма?
Мерей Мұратханқызы, тілші:
- Елде зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тіс емдеуге жұмсайтындар көбейді. Әсіресе, былтырғы жинақтың ең төменгі жеткіліктілік шегі өзгереді деген сыбыс халықтың белсенділігін арттырып жіберген. Қаңтардың басындағы дерекке сүйенсек, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтарға емделу үшін 594 млрд теңге бөлді. Мақұлданған өтінім 640 мыңнан асады. Оның 97%-і стоматологиялық қызмет ақысын өтеуге жұмсалған.
Ұлттық статистика бойынша өткен жылы тіс дәрігерлері 56,3 млрд теңгеден астам сомаға қызмет көрсеткен. Оның 5,3 млрд-ы бюджет қаражаты есебінен, 47,9 млрд теңге халық қалтасынан шықса, 3 млрд теңгесі кәсіпорындардың қаржысынан төленген. Өңірлерге шаққанда, Астана, Алматы қалалары және Атырау облысы көш бастап тұр. Ал Ұлытау облысында көрсетілген қызмет айтарлықтай көп емес.
Стоматологиялық қызмет ақысы реттелмейді
Былтыр денсаулық сақтау министрлігіне стоматологиялық қызмет сапасына қатысты 250-ге жуық шағым түскен. Оның ішінде зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланатындар үшін қызмет ақысы жоғары көрсетілетіні жиі айтылады. Өкінішке қарай елде стоматологиялық қызметтер құны реттелмейді. Өткен жылдың 9 айындағы дерекке сүйенсек, 1 жылдағы баға 12%-ке қымбаттады. Әсіресе, жергілікті анестезиямен тіс жұлу, кариесті емдеу, тісті протездеу құны көпшілік қалтасына салмақ салды. Астанадағы орташа баға 29%-ке жетті. Ең төменгі жылдық өсім Алматыда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында тіркелді. Батыс Қазақстанда ғана баға өзгеріссіз қалған.
«Сау тіспен болашаққа» жобасы жалғасын табады
Стоматологтар алаңдаулы. Балалардың 80%-інде тіс жегісі бар. Оған ауыз қуысы гигиенасын сақтамау және тәтті өнімдерді шамадан тыс тұтыну себеп. Елде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында балалардың тісін тегін емдеу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ биыл «Сау тіспен болашаққа» жобасы жалғасын табады. Қазірдің өзінде ел аумағындағы білім ошақтарында жүзге тарта стоматологиялық кабинет жұмыс істеп тұр. Енді 1000-нан асатын оқушысы бар мектептерде ашу көзделеді. Кабинеттер қажетті стомотологиялық жабдықтармен жасақталады. Қызмет тегін көрсетіледі. Оқушы саны аз мектептер де назарда. Мұндағы балаларға профилактикалық тексеру көшпелі форматта жүзеге асады. Мақсат – оқушыдағы тіс ауруының алдын алу.
Сәуле Есембаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тәуелсіз өкілі:
- Бұл жоба әзірше 2024-2028 жылға жоспарланып отыр. Үкімет есебінен, яғни, МӘМС арқылы қаржыландырылмақ. Бұл көмекпен барлық оқушы қамтылады. Оқу жылының басында барлығы бір тексеруден өтіп, ауру анықталған бала белгіленіп отырады. Өйткені тісінде проблема бар оқушыны әр 3 ай сайын тексереді.
Фармацевтер лицензияны онлайн ала алады
Елімізде фармацевтикалық қызметті лицензиялау жеңілдеді. Енді e-License порталында кез-келген уақытта өтініш қалдыруға болады. Ал құжат жарты ай ішінде ресімделеді. Бұл лицензия кәсіпкерге дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды дайындау, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудада сату, сондай-ақ олардың өндірісімен айналысуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, өтінім беруші біліктілік талаптарына сай екенін растау қажет. Лицензияны алу құны 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде. Құжатты қайта рәсімдеу үшін өтінім беруші бекітілген мөлшерлеменің 10%-ін төлеу керек, кейін 3 жұмыс күні ішінде құжатты қолына ала алады. Былтыр елімізде фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға 691 лицензия берілген.