Банктердегі базалық мөлшерлеме 15,25% болып белгіленді

Банктердегі базалық мөлшерлеме 15,25% пайыз болып бекітілді. Бұл туралы Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті хабарлады.

Былтыр инфляция 8,6%-ға дейін үдеп, болжамды 8-9% диапазон шегінде қалыптасты. Салдарынан қызметтер құны өсіп, азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы өскен. Сондай-ақ сыртқы факторлар да себеп болып тұр. Әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуына және Ресейде инфляцияның қарқын алуына байланысты сыртқы инфляциялық қысым жоғары. Ұлттық банк  мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін 7 наурызда жариялайды.