Қазақстан - АҚШ ынтымақтастығы
Америка Құрама Штаттары – Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі.
Екі жақты және көп жақты форматтағы дипломатиялық қатынастар орнаған 1991 жылдан бастап көптеген сәтті келісімдерге қол қойылды. Айталық, осы уақыттан бастап Қазақстан экономикасына АҚШ тарапынан келген инвестициялар көлемі 62 млрд доллардан асады. Қаражаттың басым бөлігі мұнай-газ секторына тиесілі. Өзара сауда да қарқынды өсіп келе жатыр. Өткен жылғы есеп бойынша 3,3 миллиард долларға жеткен. Бұл кейінгі төрт жылдағы рекордты көрсеткіш. Қазір Қазақстанда 680-нен астам америкалық кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 22-сі ірі және орта бизнеспен айналысатын мекемелер.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық қатынас
Қазақстан экономикасына келген ақш инвестициялар көлемі – $62 млрд
2024 жылғы сауда айналымы – $3,3 млрд
Қазақстандағы америкалық компаниялар саны – 680
Ірі және орта бизнес көлемі – 22