Ауылдарды дамыту шаралары бір бағдарламаға біріктірілмек
Президент сондай-ақ ауылдық аймақтарды дамытуға арналған мемлекеттік қолдау шараларын бір бағдарламаға біріктіруге шақырды.
Бұл «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» және тағы басқа бағдарламалар. "Ауылдағы ағайынның тұрмыс сапасына ықпал ететін барлық мәселеге баса мән беру қажет. Ауыл халқы қаржылық және мемлекеттік қызметтерден қол үзіп қалмауы керек" деді мемлекет басшысы. Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, «Қазпошта» пошта бөлімшелерінің шалғай елді мекендерде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.