Қазақстан мен Ресей жеткізілетін электр қуатының көлемін жыл сайын келісіп отырады
Тиісті құжатты Мәжіліс мақұлдады.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев еліміз электр көзіне сұраныс жоғары сағаттарда жоспардан 10 есе көп қуат тұтынғанын атап өтті. Яғни Ресейден алдын ала келісілген 150 киловатт сағаттың орнына 1500 Мегаватт электр энергиясын алдық. Көрші ел болса, осы жоспардан тыс алынған энергия үшін тарифті көтеруді талап еткен. Алайда бағаны қымбаттатпай, өзара келісім орната алдық. Енді тарифті еліміздің құзырлы органы белгілеп береді. Алмасадам Сәтқалиев елде кейінгі жылдары энергия тапшылығы байқалатынын, станциялардағы апаттар мен жоспардан тыс жөндеу жұмыстары жағдайды күрделендіріп отырғанын айтты. Қазақстан мен Ресейдің арасындағы біртұтас энергетикалық жүйе туралы келісімге енгізілген түзетулер Ресей тарапының талаптарын азайтып, ұлттық мүддемізді қорғауға мүмкіндік берді, деп түйді Энергетика министрі.