Атырау облысында 2029 жылға дейін 35 инвестжоба жүзеге асырылады
Атырау облысында 2029 жылға дейін 35 инвестициялық жоба жүзеге асрылады.
Жоба құны 6,6 триллион теңге болады деп жоспарланған. Жаңа кәсіпорындар ашылған жағдайда 4 жарым мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Отандық өнім түрлері көбейеді. Қазір өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуал шетелдік компаниялардың жоғары қызығушылығына ие.
Озық технологияға негізделген бұл кәсіпорын құрғақ құрылыс қоспасының 6 түрін шығарады. Былтыр 40 мың тоннаға жуық өнім алған. Өндіріс орны өңірді ғана емес, елді отандық құрылыс материалдарымен қамтып отыр. Артылғаны шетелге сатылады.
Серік Мүсен, кәсіпорынның сыртқы сауда жөніндегі менеджері:
-2024 жылы шағарылған өнімнің 85 пайызы ішкі нарықты қаматамсыз етсе, 15 пайызын біз экспорттап жатырмыз. Атап айтатын болсақ, Қырғызстан еліне жөнелтіп жатырмыз. Болашақта ойымызда Түркіменстан, Өзбекстан елдері бар. Орталық Азия елдеріне экспорттауды қарастырып отырмыз.
Мұндағы 120 жұмысшы жергілікті мамандар. Данияр Саматұлы еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған. Қазір өндіріс технологына дейін көтерілген.
Данияр Саматұлы, өндіріс технологы:
- Шикізат-гипстен таза штукатурный өнімдер өндіреміз, сылақтар былай айтқанда. Осы мекемеге қара жұмысшы болып жұмысқа келгем. Осы мекеменің арқасында оқулардан өтіп, қазір өндіріс басшысы болып қызмет жасаймын. Ауысымына 12 сағаттың ішінде 100 тоннадан көбірек өнім шығарамыз.
Құрылыс материалдарын шығаратын Индердегі кәсіпорын былтыр іске қосылған 15 инвестициялық жобалардың бірі. 2024 жылы құны 78 млрд теңге болатын 17 жоба қолға алынған еді. Биыл екі өндіріс ошағы қолданысқа беріледі.
Гүлфайруз Маратова, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:
- Индер ауданындағы құрылыс материалдары бүгінгі күні Атырау, Маңғыстау, Орал және Ақтөбе қалаларында сұранысқа ие. Сонымен қоса Орталық Қазақстан: Астана, Қарағанды секілді қалаларда жеткізіледі. Біздің мақсатымыз жергілікті нарықты өз өнімімізбен қамтамасыз ету.
Жалпы өңірде 2029 жылға дейін құны 6,6 трлн теңгені болатын 35 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Олардың дені мұнай-газ химиясы саласына бағытталған. Оның 20-сын биыл іске қосу жоспарланып отыр.
Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин