Құрылыс жобасы. Mega Silk Way құрылысы қалай жүріп жатыр?

Еліміздегі ең ірі сауда ойын-сауық орталығы осы жылдың соңында Астанада есігін ашады. «Қала ішіндегі қала» қағидасы бойынша салынып жатқан онда шаштараз, дәмханадан бөлек, жеке емхана да орын алмақ.

Бұл орталықты EXPO-2017 көрмесіне алып баратын «қақпа» десе де болады. Себебі оның батыс жақта орналасқан кіре берісі арқылы 5 млн жуық келушілер көрмеге өте алады. «Жасыл» технология қағидасы аясында салынып жатқан кешен құрылысына 350 отандық компания қатысуда. Толығырақ бүгінгі бағдарламада тарқатамыз.