Бітімгерлер бейбітшілікті көздейді
Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлерлік миссияларына әлемнің 120-дан астам елінен жыл сайын мыңдаған адам қатысады.
Ұйым кейінгі 75 жыл ішінде Камбоджа, Сальвадор, Мозамбик, Гаити және Намибиядағы қақтығыстарды тоқтатуға күш салды. Ал қазірде геосаяси ахуал ушығып тұрған 11 аймаққа бітімгерлер жіберілді. Олардың ішінде Африка құрлығындағы бірқатар аймақ бар. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы сан ғасырлық қақтығыс аймақтары бар.
1.Батыс Сахара
2.Косово
3.Ливан
4.Джамму и Кашмир
5.Кипр
6.Голан жоталары
7.Таяу шығыс
8.Орталық Африка Республикасы
9.Конго Демократиялық Республикасы
10.Абьей Судан
- Оңтүстік Судан
Кипр миссиясына 60 жыл
Бітімгерлер миссиясының ішінде ең ұзаққа созылғаны - бұл Кипр миссиясы. 1964 жылдан бері жалғасып келеді. Бір аралда екіге бөлінген кипр-түрік арасындағы кикілжіңнің 60 жыл бойы шешілетін түрі жоқ. Қазір мұнда 792 бітімгер бар. Олардың дені, Ұлыбритания, Аргентина және Словакиядан барғандар. Біріккен ұлттар ұйымы екі қошқардың басын, бір қазанға сыйдарам деп әлек. Алайда, оған қос тарап құлықсыз. Грекияға қарайтын Кипр Республикасы түріктердің мемлекеттілігін әлі күнге дейін мойындамай келеді. Ал, Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өз талаптары бар.
ЦИТАТА:
Кипрдегі текетіресте 1964 жылдан бері 150 мыңнан астам әскер қызмет етті. Оның ішіндегі әйелдер де бар. Бітімгерлер отбасынан, отанынан жырақтап, өз миссиясын орындау үшін, басын қатерге тігеді. Олардың арасында қапыда көз жұмғандары да аз емес. Сондықтан олардың қызметі құрметке лайық.
Колин Стюарт, БҰҰ өкілі:
Голан жотасы дейміз, биіктігі дейміз, жалпы бұл жер Таяу Шығыстағы ең даулы аймақ. Картаға зер салсақ. Голан жоталары, Ливан, Йордания, Сирия және Палестинаның арасында орналасқан. Оның басым бөлігі Израильге, ал шығыс бөлігі Сирияға тиесілі. Екі ел де жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді. Қазірде Сирия Израильді мемлекет ретінде мойындамайды. Израиль болса, Сирияны жау көреді.
Стефан Дюжаррик, БҰҰ баспасөз хатшысы:
Голан жоталарындағы ахуал жыл санап ушығып барады. Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату әзірге мүмкін болмай келеді. Дегенмен бұған қарамастан, бітімгерлер қақтығыс алаңында өз қызметін жалғастыра береді.
Бітімгерлерге артылған жауапкершілік жүгі ауыр. Олар қақтығысушы тараптар арасындағы дау-дамайды шешіп қана қоймай, қақтығыстан құлдырау алдында тұрған елдердің қайта аяққа тұруына жағдай жасайды.