Абайлаңыз, импорт! Сапасыз кәріз люктері өміріңізге қауіпті

Өкінішке орай соңғы уақытта жол бойындағы люктердің кесірінен жол-көлік оқиғасы жиіледі. Тіпті адамның да зардап шегетіні бар. Оның біріне өнімді сапасыз орнатқан мамандар кінәлі болса, енді біріне жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі себеп. Кейде оның ауызы алаяқтардың кесірінен бос қалып, металл қабылдайтын орындардан табылып жатады. Жалпы елімізде мұндай жағдайлар қаншалықты жиі кездеседі? Жол бойындағы люктерге кім жауапты? Отандық өнімдердің сапасы сын көтере ме?