Өңір тынысы. Тараз қаласының коммуналдық қызмет жұмыскерлері

Тараз қаласындағы коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің таңы кофеден басталмайды. Қала енді ғана оянып келе жатқанда көшелерде жаңа күнге дайындық әлдеқашан басталып кеткен. Тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызметтер алғашқы қалалар пайда болған кезден осы уақытқа дейін қаладағы өмірдің ажырамас маңызды бөлшегі болып табылады. Олар ауа райының құбылмалылығына, жыл мезгілдері мен мереке, демалыс күндеріне қарамастан елді мекендерді абаттандырып, безендіреді. Қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз етіп, тазалыққа жауап береді.