Өңір тынысы. Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шянның солтүстік шығысында орналасқан. Парк Қазығұрт, Төле би, Түлкібас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің негізінде ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысымен құрылған.