Келіссөз. Мәліметтер ашықтығы – билік пен халық арасындағы байланыс

Елімізде ашық үкіметті қалыптастыру үшін қандай бастамалар қолға алынбақ?

Деректер қалай жиналады? Біздің мемлекетік органдар осы деректермен бөлісуге дайын ба? Үкіметтің деректерді жасырынсыз, ашық түрде ұсынуы қаншалықты тиімді? Бүгінгі бағдарлама қонақтары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ электронды үкіметті дамыту жөніндегі директор Бағлан Бекбауов пен Ұлыбританияның ашық мәліметтер институтының сарапшысы Джулия Глидон. Олар еліміздегі және шетелдегі аталмыш тақырыптың ерекшеліктері жөнінде кеңінен әңгімелеп, екі елдегі айырмашылықтар мен ілгерілеу жұмыстарын тілге тиек етпек.