Келіссөз. Елді мекендерде «жасыл» жобалардың жүзеге асырылуы

energo-24.ru

Бүгінгі қоғамның алға дамуы – «жасыл» экономиканы күнделікті тіршілікке дендеп енгізуі.

Әсіресе, ауылдық жерлерлердегі халыққа жаңашылдықты үйретіп, оны күн көріс көзіне айналдыру. Бұл үшін мемлекет пен қоғам бірігіп кірісіп те кетті. Бағдарламаның кезекті санының қонақтары «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Асхат Сүлейменов пен «Қазақстан Республикасының энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу» қоғамдық палатасының басқарма төрағасы Елдос Абақанов. Хабар қонақтары аталмыш тақырып аясындағы алға жылжулар төңірегінде әңгіме өрбітпек.