Ақтөбеде зорлық-зомбылықпен күрес мәселесі талқыланды

Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау үшін не істеу қажет?

Бұл тақырып Ақтөбедегі «Ұрпақ салауаты – ұлт байлығы» атты республикалық форумға арқау болды. Оған ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам белсенділері, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер қатысып жатыр. Қазір балалардың отбасыда, тұрмыстық ортада жәбір көруі, сонымен қатар педофилизм әрекеттері де азаймай отыр. Бұнымен күресу үшін мәселені жасырмау керек. Ашық айтып, қоғам назарын аудару арқылы жою немесе азайтуға болады деп есептейді мамандар. Қазір Ақтөбеде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар, жастар және әйелдерге психологиялық көмек көрсететін бірқатар орталық жұмыс істейді.     

Айман Омарова, адвокат:

- Зорлық-зомбылықтың салдары өте қиын. Өте үлкен әсер етеді. Адамның психикасына, кейбіреулері осындай қатыгездіктер басқа, кейбірі денсаулығы жоқ психикасы бұзылады.