Астанада студенттер шеберлік сабақ өткізді

Концерт, байқаулар, аниматорлардың қойылымы. Балалар шат-шадыман. Бұл – орталық саябақтағы көрініс.

Елордада Жоғары медицина колледжінің студенттері өнер көрсетті. Флешмоб би ұйымдастырды. Сондай-ақ жарақаттанған адамдарға алғашқы көмек көрсетуден шеберлік сабағын өткізді. Ол үшін өздерімен бірге адам кейпіндегі макеттерге дейін алып келген.

Жалпы бүгін қала бойынша 50-ден астам шара ұйымдастырылды.

Гүлфара Сарамбетова, қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл шараны бекер ұйымдастырып отырғанымыз жоқ. Себебі студенттер өздерін кәсіби маман сезініп көрсін дедік және саябаққа келген оқушылар, бүгінгі қойылым арқылы медицина саласының маңыздылығын түсінеді деп ойладық. Мереке аясында флешмоб ұйымдастырып, балалардың көңіл күйін көтергіміз келді.