Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына алданды
Шымкенттің 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасына 83 млн теңгесін салған.
Алаяқтық фактісін Қаржылық мониторинг агенттігінің аймақтағы департаменті тергеп жатыр. Белгілі болғаны, инвестициялық компания атын жамылған «Chia Tai Tianging Group» 2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың сәуіріне дейін Шымкент қаласында өз қызметін жүргізген.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Қазіргі уақытта күдікті сот қаулысымен үйқамаққа алынды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды. Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертеміз.