Елорданы дамытудың жаңа бас жоспар әзірленуде
![Елорданы дамытудың жаңа бас жоспар әзірленуде](/media/k2/items/cache/c9911b210d8ea153ea0759ed0361e4d8_XL.jpg?t=20230630_084949)
Елорданы дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспары әзірленіп жатыр.
Онда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға басымдық беріледі. Бұл жайында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Бүгінде бас шаһар тұрғындарының саны 1 млн 370 мыңнан асқан. Қалаға жыл сайын 50 мыңға жуық адам келеді, 30 мың бала дүние есігін ашады. Шаһар маңыдағы Талапкер, Қосшы, Қоянды сияқты елді-мекендерден елордаға күн сайын 150 мың адам қатынайды.
Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:
- Қаланың тез дамуы мен халық санының өсіміне байланысты елорда алдында бірқатар жаңа міндеттер бар - бұл:- тұрақты экономикалық өсімді сақтау; - тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау; - инфрақұрылымдық дамуы және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету; - миграциялық ағымды бақылау. Осыған орай біздің алдымызда күрделі міндет тұр, ол – миграцияның жоғары қарқыны жағдайында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша тиімді шаралар кешенін қабылдау.