Алматы мен Қонаев арасында «G4 СITY» арнайы экономикалық аймағы құрылады

Алматы мен Қонаев қалалары арасында «G4 СITY» арнайы экономикалық аймағы құрылады. 

Қонаевқа жұмыс сапарымен барған Сенат және Мәжіліс депутаттары жобаның бас жоспарымен танысты. Экономикалық аймақ төрт ауданға бөлінеді. Онда қаржы, іскерлік, мәдени және сәулет орталықтары болады. Жаңа өнеркәсіп орындары, зауыт-фабрикалар мен кәсіпкерлік нысандар бой көтереді. Бұған қоса  азық-түлік, химиялық, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кластері, әуежай мен логистикалық орталық салынады. Оның барлығы жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді инвестициялық жоба алдағы 25 жылға жоспарланып, Үкімет қаулысымен бекітілген. «Бұл ең алдымен облыс экономикасының дамуына, халықтың әлеуеметтік жағдайының жақсаруына,  жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал етуі тиіс», - дейді депутаттар.

Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Біз осындай жобаларды Алматының мына жағына шығаруымыз керек. Қазір айтып жатырмыз күніне Алматыға 550 мың машина кіреді. Әр көлікте үш адам болса бір жарым млн.адам күніне кіреді де шығады. Ол экологияға да жаман. Неге халық сол жерден келеді? Жұмыс жоқ. Біз соны әзір айтып жатырмыз. Сол үшін осындай жобаларды Алматы облысында, Жетісу облысында , Ақмола облысында  шығару керек.