ШҚО-дағы кәсіпорындарда «Халықтық бақылау» жобасы жүріп жатыр

Шығыс Қазақстандағы өндіріс орындарында жыл басынан бері 50 жазатайым оқиға тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін профилактикалық жұмыстарды күшейтуге ден қойылды. 14 кәсіпорында «Халықтық бақылау жобасы»  жүріп жатыр. Бейнебақылау камерасы арқылы мекемелердегі еңбек қауіпсіздігін бақыланып, 700 өндірістік кеңес құрылды. 

Данира Исканова, мемлекеттік еңбек инспекторы:

- Полиция органдарына 49 тергеп, тексеру материалдары жолданды. 4 материалы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. 75 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өндірісте қауіпсіздік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты жыл соңына дейін тау-кен металлургия кәсіпорындарындағы жазатайым оқиғаларды 5%-ке төмендету болып табылады.