Баянауыл ұлттық саябағында өрт оқшауланды

Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша, жалын шарпыған аумақ 800 гектарды құрайды.

Айта кетейік, өрт туралы ақпарат кеше сағат 12:45-те келіп түскен. Қызыл-тау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта құрғақ шөп жана бастаған. Өрт Дол-бинск орманшылығының аумағына өтіп, сол жерде 20 гектар аумақты шарпыды. Жалынды сөндіруге облыстың ТЖД, орман шаруашылығы, ерікті өртке қарсы құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың 130 адамы мен 35 техникасы тартылды.