Павлодар облысында судың бағасы көтерілуі мүмкін
Бұл мәселе қоғамдық тыңдауларда талқыланды.
Қазір тұтынушылар үшін ауызсудың бір текше метрінің бағасы 96 теңге, жаңа тариф бойынша 177 теңге болуы мүмкін. Ал техникикалық судың текше метрі 34 теңге, болашақта 65 теңгеге көтеру жоспарланған. Монополист ұйым өкілдерінің айтуынша, бұл – мәжбүрлі шара. Себебі, кәсіпорын қарамағындағы мың шақырымдық коммуналдық желінің басым бөлігі әбден тозған. Ал қолданыстағы баға шығындарды толық өтеуге жетпейді. Инфрақұрылымды жаңарту және жөндеу мақсатында бес жылдық инвестициялық бағдарлама бекітілген. Жоба тарифтерді көтеру есебінен жүзеге асырылмақ. Стратегиялық құжат бойынша бес жыл ішінде 3 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу қарастырылған. Тариф көтерілсе кадр тапшылығы, жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселелері де шешімін таппақ.
Айта кетейік, нақты шешім құзырлы мекемелердің сараптамасынан соң ғана қабылданады.
Елена Костромина, сумен қамту кәсіпорны экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы:
- Инвестициялық жоба шеңберіндегі шаралар үш топқа бөлінген. Басым бөлігі сумен қамту, кәріз жүйелерінің күрделі жөндеуге қатысты. Құрал-жабдықтарды модернизациялау, арнайы техниканы жаңарту да көзделген. Стратегиялық жоспар осы жылдың басынан бері жүзеге асырылуда. Биыл инвестбағдарлама бойынша 796 млн теңге бөлінген.
Юрий Страхов, облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау ұйымының өкілі:
- Тарифті көтермес бұрын манополит кәсіпорын аудиторлық қорытынды жасау керек. Оның нәтижесінде қызмет көрсету бағасын қымбаттау жөнінде шешім қабылданады. Яғни, қызмет көрсетуші кәсіпорын инвестициялық жобалардың аса қажет екенін дәлелдеу керек. Әзірге бізге құжат ұсынылмады.