Оралда 15 қыркүйектен бастап судың бағасы өспек

Бұрын тұрғындар тіршілік нәрінің текшеметрін 45 теңге 80 тиыннан алып келсе, енді 68 теңге 70 тиын болады.

Ал кәріз үшін баға  қосымша құн салығын есептегенде  әр текшеметрге 49 теңге 29 тиыннан 74 теңге 94 тиынға көтеріледі. Бұрын 5 жылға бекітілген тарифтің өзгеру себебін мамандар табиғи монополиялар туралы заңға өткен жылдың соңында енгізілген өзгерістермен түсіндіреді. Яғни жаңа түзетулерде жалақының өсімі мен стратегиялық маңызды тауар құнының қымбаттауы тарифті қайта қарауға негіз болатыны көрсетілген. «Аймақта орташа жалақының өсуі мен шілде айында электр қуатының құны 20 пайыз жоғарылауы судың бағасы артуына әсер етті», - дейді сала басшылары.

Гүлжаз Қазбекова, облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы:

- «Батыссуарнасы» ЖШС  ұсынылған тарифтер өтінімдері қайта қарастырылды. Бұл өтінімдер берудің негізгі мақсаты мекеменің жалақысы.  Департамент ұсынған құжаттарды сараптай келе  мекеменің орташа айлық жалақысын 101 мың теңгеден 2022 жылдың қорытындысы бойынша статистика мәліметінше  167 мың теңгеге дейін өсіммен бекітті. Яғни бұл дегенің шығын баптары 59,5 пайызға орташа айлық жалақысы өсті.