Елімізде әкімшілік іс жүргізу саласы кеңейтілмек

Елімізде құқықтық дауларды азаматтық сот ісінен, әкімшілік іс жүргізуге кезең-кезеңімен ауыстыру қажет.

Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді. Ол бүгін Мәжілісте әкімшілік әділет саласын жетілдіруге қатысты заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, қазір мандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға түсетін шағымдардың саны артқан. Ал мемлекеттік органдар әкімшілік рәсімдерді жүргізу тәртібіне, қолданыстағы заң нормаларын пайдалануда үстірт қарап отыр. Бұл олқылықты еліміздің соттары анықтап жатыр. Жаңа заң жобасы бойынша, қарапайым азаматтар дәлел айтып өз уақытын кетірмейді, тек тиісті органға талап-арыздарын ғана жолдайды. Дәлелді жинау құжатты қабылдаған органға жүктеледі. 

Алма Мұқанова, ҚР Әділет вице-министрі:

- Қазіргі әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне назар аударсақ, ол көп жағдайда жаза түрде қолданылған. Мысалы неғұрлым байыбы жоқ баптарда бар. Мысалы санэпид сақтамаған үзін айыппұл деген. Іс жүзінде қалай жүзеге асырылып пысықталуы мүмкін деген сұрақты да тыс қалдырмауымыз керек. Бүкіл әкімдерді тыңдауға отырғызып қойсақ, онда қалған жұмыстарды кім жасайды? Осы тыңдау рәсімінің әділетті түрде өткізілуін керек екенін біз заң жобасы аясында пысықтайтын боламыз.

Марат Башимов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қарапайым азамат заңгер болмаса да өзінің құқын біліп тұр. Құжат әкімшілік болсын мем орган болсын құқыын қорғамайды таптап отыр. Сол үшін ол арызданып әкімшілік сотқа береді. Әкімшілік сотта дәлелдеәтн мемлекеттік орган. Ол жүгірмейді қандай заң қабылдайды деп. Халыққа керек заң. Өйткені сот жүйесінде қылмыстық, азаматтық әкімшілік саладағы арыздарды көріп отырмыз біз.