Павлодар облысында биыл өрттен алты адам көз жұмған
Павлодар облысында жыл басынан 92 рет өрт болып, алты адам көз жұмған.
Жылыту маусымы басталғалы сақтық шаралары күшейтілді. Жиі рейд ұйымдастырылып, жеке үйлер тексеріліп жатыр. Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардың баспанасына дабыл қондырғысы орнатылуда. Соңғы үш жылда 300-ге жуық қондырғы қойылды. Атқарылып жатқан ауқымды істерге қарамастан қарапайым сақтық ережелерін бұзатындар азаймай тұр-дейді мамандар.
Тілекжан Галлямов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
- Жылыту маусымы басталғалы алдын ала пешті дайындау керек. Ал пешті пайдаланған кезде кемінде айына екі рет мұржаларды тазартып отыру керек. Және де өрт қағидаларына сәйкес пештің алдында ағаш, киім, аяқ киімдерде кептіруге тыйым салынады. пешті жасы кәмелеттік жасқа толмаған балаларға жағуға тапсыруға болмайды. Осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен сұхбат жүргіземіз. Тұрғындар түсіністік танытып жатады.