Астанада III халықаралық фармацевтикалық форумы өтті

Астанада дәрі-дәрмек өндірісіндегі әлемдік көшбасшы компаниялар бас қосты.

«Глобал Фарм» үшінші халықаралық форумы кезекті рет фармакалогия саласындағы ынтымақтастықтың тиімді алаңына айналып отыр. Шара барысында отандық және шетелдік компаниялармен бес Меморандумға қол қойылды. Әріптестік аясында ииновациялық дәрі-дәрмектерді Қазақстанда өндіруге уағдаластық жасалды. Келісімге сәйкес шетелдік компаниялар елімізде халықаралық стандарттарға сай өнімдер шығарып,  инновациялық жобаларды жүзеге асырады. Мәселен, Ресейдегі ең ірі биотехнологиялық компаниялардың бірі елімізде онкологиялық және аутоиммунды дәрі-дәрмектер өндіруді жоспарлап отыр.

Ерхат Искалиев, «СҚ-фармация» ЖШС басқарма төрағасы:

- Мемлекет басшысы отандық дәрілік заттардың үлесін 50 пайызға дейін жеткізуді тапсырды. Сондықтан біз әлемдік фармкомпаниялармен ынтымақтастыққа мүдделіміз. Қазақстан дженериктерді ғана емес, түпнұсқа препараттарды шығаруды және оны экспорттауды көздейді. Жасалған келісімдер аясында шетелдік компаниялар отандық өндірушілермен, еліміздің оқу орындарымен әріптестік орнатып, тәжірибе бөліседі. Елімізде жұмыс бастайтын шетелдік компаниялармен 10 жылға келісімшарт жасалынады. Оның аясында логистикалық, салықтық жеңілдіктер қарастырылған.