Павлодар облысында қызылша өрши бастады

Павлодар облысында соңғы екі аптада қызылша жұқтырғандар саны екі есе артты.

Өңірде 80 жағдай тіркелсе, басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Көбі вакцина алмаған. Иммундау шарасынан бас тартатындар азаймай тұр. 900-ге жуық ата-ана баласына екпе салуға қарсы болған. Мамандардың айтуынша, эпидахуал күрделенген сайын балабақшалар мен мектептерде ұжымдық иммунитет қалыптастыру мыңызды.  Ол үшін балалардың 90% жоспарлы екпе алуы шарт. Қазіргі таңда вакциналау  ақпараттық  түсіндіру жұмыстарымен қатар жүргізілуде.

Зәмзәгүл Дощанова, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Департамент мамандары эпидахуал бойынша ай сайынғы мониторинг жүргізеді. Нәтижесінде бес мектеп оқушысы мен 19 балабақша тәрбиеленушісінің ауру жұқтырғаны анықталды. Барлығы екпе алмаған. Қазіргі уақытта ата-аналарға  вакцинаның сапас мен пайдасы туралы ақпарат беріп жатырмыз. Қолданыстағы препарат Үндістаннан әкелінген және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақұлданған.