Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті таяу күндері қала тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес берді.
Қалада 12 желтоқсан күні қалың қар жауып, кей жерлерде тұман түседі. Тұрғындарға көлікті ағаштың, электр желілері мен басқа да ілулі құрылымдардың астына қоймауға ескерту жасалды. Сондай-ақ 112 қызметінің SMS-хабарламалары мен БАҚ-тағы ақпаратқа салғырт қарамауға кеңес берілді.