Қазақстанда атом энергетикасын дамыту маңызды

Еліміз атом электр станциясын салмаса, 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізуі екіталай.

Азаматтық қоғам өкілдермен болған кездесуде «Қазақстан атом электр станциялары» серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикин осылай деді. Елде қазірдің өзінде қуат көздерінің тапшылығы байқалатындықтан, атомдық энергетиканы тиімді дамыту болашақ үшін маңызды. Қазір өңірлерде аталған мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың есебі бойынша, 2030 жылға қарай Қазақстанның оңтүстігінде 2,7 гигаватқа дейін қуат жетіспеушілігі болуы мүмкін. Сол себепті қуаттылығы осы межеден асатын станцияны оңтүстік аймаққа орналастыру ұсынылып отыр. Сондай-ақ сарапшылар атом энергетикасына көшу еліміз үшін тұтастай алғанда тиімді шешім боларын алға тартты.

Асулан Сиябеков, «Қазақстан АЭС» ЖШС жетекші инженері:

- Қазіргі таңда біз 4 жобаны қарастырып жатырмыз. Қытай, Ресей, Франция және Оңтүстік Корея. Ол жобаларды зерделеп болғанан кейін техникалық-экономикалық негіздеме деген құжаттама бар. Ол – 2 жылдың көлемі. Тағы да құжаттамалар жасалатын болдаы. Одан кейін егер де барлығы сараптамадан өткеннен кейін, 2029 жылы егер де құрылысты бастасақ, бірінші блокты 34-35 жылға қарай беруге болады эксплуатацияға.

Аяужан Әшімова, ШҚО Азаматтық Альянсының төрағасы:

- Осы саланың мамандары республикалық деңгейде жұмыс істейтін мамандар, Курчатов, Үлбі металлургиялық зауытының мамандары солардың қатысуымен халық арасында бейбіт атомның маңызы және қолданыстағы үрейден арылу үшін халықтың сұрағына жауап беру маңызды.