Атырауда қант зауыты салынады

Өңірде қызылша егіп, көкөніс алқабын ұлғайтуға мүмкіндік мол.

Жер де жетеді. Ол жердің құнарлығы да жеткілікті.

Шаруалар да дайын отыр. Енді зауыт орнласатын аумақ анықталады. Осылайша келер жылдың ортасына қарай қант зауыты іске қосылуға тиіс. Инвесторлық жобаны қытайлық компания жүзеге асырады. Тақауда облыс әкімдігі мен Қытай компаниясы меморандумға қол қойды. 

Облыс тұрғындары жылына 2 мың тонна қант тұтынса, оның 90 проценті көрші елдерден әкеледі. 2022 жылы қант тапшылығы туындығында тұрғындардың әбігерге түскен. Енді өңірде жылына 144 мың тонна қант шығаратын зауыт салынады. Оған қытайлық компания қызығушылық танытқан. 

Лина Тайкен, компания басшысы:

- Келер жылдың көктеміне қарай қантқа, нақты өнімге қол жеткіземіз деген ойдамын. Яғни 2026 жылдың мамыр, маусым айына қарай өндіріс толықтай іске қосылады деген ниеттеміз. Әрине бұл қазіргі заманның техникасы. Бұл қызылшадан қант және басқа да дрож-ашытқы, басқа да 4 өнім өндіруге болады. Бұл жұмыстар этапно жүргізіледі. 

Қазір зауытты салуға тиімді орын анықталып жатыр. Жоба жүзеге асса Атырауды ғана емес, елдің сұранысын өтеуге мүмкіндік болады, дейді облыстық әкімдіктегілер. Жобаның жалпы құны 60 млрд теңгеге жуықтайды. 

Исмаил Сибатов, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы:

- Қытайлық жетекші компаниясы жобаны қолдап, қажетті қаражаттың 80 пайызын инвестицияламақ және 20 пайызы «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы несиеленеді. Шикізат жергілікті шаруа қожалықтары өсіріп, жоғарыда аталған компанияға сатады деген сенімдеміз. 

Егін шаруашылығымен айналысатын Енисей Юн 2017 жылы 3 гектар жерге қант қызылшасын еккен. Әр гектардан 80 тоннаға дейін өнім алған. Оның айтуынша, жердің құнарлылығы мен климаттық жағдайы мол өнім алуға қолайлы. 

Енисей Юн, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Су үнемдеу технологиясын пайдаланып қант қызылшасының үш түрін егіп көрдік. Сапалы өнім алдық. Қанттылығы 21-22 пайызды көрсетті. Бұл жақсы көрсеткіш. Егер зауыт салынып, шаруалар қант қызылшасын ексе, қосымша жұмыс орындарын да пайда болады.  

Шикізатты жергілікті жерден өндірген тиімді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы шаруаларға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Диқандар да қант қызылшасын егуге қарсы емес.

Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин