Елордада көмір қоры жеткілікті

Қарашада қар түсіп, қыс ерте басталғанымен күн аса суыған жоқ.

Жайлы болып тұр. Ендігі мәселе - қыс аяғы ұзаса не болмақ? 

Астанадағы көмір сату орындарында 30 мың тоннадан астам көмір қоры бар. Қазір қала бойынша 14 пункт жұмыс істеп тұр. Әкімдіктің мәліметі осылай.

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Астанада көмір сататын бірнеше нүкте бар. Біз қазір солардың біріне келіп тұрмыз. Көріп тұрғандарыңыздай, бұл жерде жұмыс қызу жүріп жатыр. Себебі тұрғындар тарапынан тапсырыс көп. Бұл жерде Шұбаркөл көмірінің бір тоннасын 17 300 теңгеден сатып жатыр. 

Жұбанов көшесіндегі көмір сату пунктіне ай сайын 4 мың тонна көмір келеді. Ашылғалы 20 жылдан асқан қойма тек Шұбаркөл көмірін сатады. Көмір тиеген вагондар легі үзілген емес. 

Әзімхан Әбенов, көмір сату пунктінің менеджері:

- Бізде жазы-қысы тоқтамайды көмір. Жазда да келеді, күзде де келеді. Көктемде де келеді, қыста да келеді. Қазір міне осы айдың аяғына дейін әлі 3790 келуі керек көмір. Қазір міне жолда бізде 8 вагон келіп тұр. Оның үш вагоны станцияда тұр. Оны қазіркешке қарай қояды. Ертең таңертең сатыла бастайды. Оның артынан тағы 5 вагон келеді. 

Шұбаркөл көміріне сұраныс жоғары. Сондықтан көмір тиеген вагондар келген күннің ертеңіне жұмыс қызады. Кезектегі көліктердіі көп күттірмеу керек. Бұл күндері арнайы техника тыным көрмейді.

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Күніне осындай бір техника 60-70 көлікке көмір тиейді. Әрине жұмыс оңай емес. Біздің де өзіміздің көмегімізді көрсетіп қолғабыс еткенді жөн көрдік.  

Әрине қазір пункт алдында күздегідей ұзынсонар кезек жоқ. Дегенмен ертерек келіп, күні бұрын кезек алып қойғанды жөн көретіндер бар. Яғни тапсырысқа қарай көмір жеткізіп береді.

Балғынбек Камалов, жүргізуші:

- Он шақты мәшине кезекте тұр. Бұлардың айтуы бойынша кешеден бері тұрғандары да бар. - Ассалаумағалейкум, аға! - Әліксалам! - Аға, қашаннан бері тұрсыз? - Кешеден бері. Енді, бүгін келдік. Көмір жоқ. Білмеймін, ертең келеді дейді. 

Қапсәлем Сағындықов, жүргізуші:

- Бір-екі күн кейде болмай қалады. Былай көбінесе бар. Бізде болмаса, Сороковойға келеді, гортопқа келеді. Көмір жеткілікті. Негізі халықтың сұрайтыны не ғой, Шұбаркөл ғой.  

Ардақ Қуанышбекұлы, жүргізуші:

- Менің машинам - ЗиЛ. 6-6,5 тонна артамын толтырып артсам. Сосын 20 мыңға апарып беремін қаланың ішінде.

- Сұраныс көп па қазір, халықтан тапсырыс көп па?

- Тапсырыс, бұрынғыдай емес қой, қазір тапсырыс. Газ, мынау Юго-востогымыз газ.

Тапсырыспен көмір алдырғандардың бірі Бақыт апай. Үйінің аумағы 60 шаршы метрден аспайды. Алайда алпыс жыл бұрын салынған үйді жылыту оңай емес дейді қала тұрғыны. Бір қыста он тоннаға жуық көмір жағады. 

Бақыт, қала тұрғыны:

- Былтыр міне 24-жылы күзге қарай 5 тонна көмір алдық. Шұбаркөл аламыз, потому что біздің үйлер ескі, 60-жылғы. 17800-ден алып едік. И доставкасы 15 мың болды. Тағы бір-екі тонна алу керек. Жаздың күні да біз жағып отырамыз. Бізде негізі круглый год жағамыз.  

Қазір қалада 14 көмір сату нүктесі жұмыс істеп тұр. Бұл орындардағы бағаны әкімдік бақылап отыр. Ол үшін кәсіпкерлермен тиісті келісім жасалған. 

Абылайхан Оспанов, Астана қаласы Энергетика басқармасы газдандыру бөлімінің бас маманы:

- Орташа бағалар Шұбаркөл көмір бойынша 16 800 теңге, Қаражыра бойынша 17 500 теңге тоннасы бойынша және Майкүбі бойынша 13 800 теңгені құрайды. Біз жылыту маусымы басталмай меморандумға қол қоямыз. Және ол меморандумда мысалы внешний фактор дейді ғой. Внешний факторлар болса, мысалы, көмір қоймасының арендасы көтерілсе және ЖД тарифі көтерілсе, ол бағалар соотвественно өседі. 

Әзімхан Әбенов, көмір сату пунктінің менеджері:

- 17 300 осы екі ай болды көтерілгеніне. Негізі бұрын 16 900-тін көмірдің бағасы. Иә, өйткені биыл тағы да железнодорожный тариф көтеріліп, сонымен көтерілді баға. Негізі көтерілсе сол 200-300 теңгеге көтеріледі негізі. 

Елордадағы бір жылыту маусымына 350 мың тонна көмір қажет. Қазір қалада отын қоры жеткілікті. Дегенмен келешекте көмірге сұраныс азаяды дейді мамандар. Себебі газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Нұрқанат Қанапия, Ырыстанбек Оспанов