Алматыда ауылшаруашылық тұқымды қорғау орталығы ашылады

Алматыда ауылшаруашылық бағытында жұмыс істейтін тұқым қорғау орталығы ашылады.

Мекеме өсімдіктерді қорғау және карантин жөніндегі отандық ғылыми-зерттеу институтының  базасында құрылады. Негізгі міндеті –  дақылды аурудан сақтап, өнімділігін арттыру. Жалпы елімізде әзірге   сапалы тұқымның үлесі бар болғаны 51 пайыздан әзер асады. Алдағы 5 жылда  бұл көрсеткішті 80 процентке дейін жеткізу міндеті тұр. Орталық келесі жылы жұмысын бастайды жоспарланып отыр. 

Алматыда ауылшаруашылық тұқым қорғау орталығы  ашылады

Биолог-ғалымдар ауылшаруашылығы дақылдарының  200- ге  тарта  түрлі патогенін зерттеді. Яғни, жұқпалы аурулардың қоздырғышының басым бөлігі саңырауқұлақ, бактериялық немесе вирустық ауруға ұшырайды. Бұл  өнімділікті төмендетіп қана қоймай, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан  ғалымдар әр тұқымды егер алдында сұрыптап, фитосараптамадан өткізу  қажет, дейді. 

Жансая Өмірәлиева фитопатология зертханасының меңгерушісі:

«Ауылшаруашылық тұқымдарының зертхана өңгіштігімен өсу энергиясын анықтаймыз. Ал фитопатология зертханасына келіп түскен тұқымдарды біз сауықтыруға тырысамыз. Бұл жерде біз олардың саңырауқұлақ және бактерия ауруларымен қалай ауырғанын зерттейміз. Мысалы, мына жерде көрсеңіздер бактериялық ауруларды көрсеңіз болады астынан және саңырауқұлақ аурулары».

Былтыр  Үкімет тұқым шаруашылығы мен селекцияны дамытуға арналған кешенді жоспарды бекітті. Сондай-ақ «Тұқым саулығы»  орталығын құруға бағытталған инвестициялық жоба қолдау тапты. Ол келесі  жылы  Өсімдіктерді қорғау институтының базасында жұмысын бастайды. 

Бақытжан Дүйсембеков, Ж.Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ директоры: 

«Тұқымда кездесетін ауруларды, зиянкестерді, арамшөпті нақты диагностика жасау арқылы біз фермерлерге ұсыныс береміз. Яғни оларды қалай сауықтыру керек. Және аса қауіпті және карантинді зиянды организмдердің осы тұқыммен таралмауын тежеу. Міне осы бағытта жасап жатқан үлкен жұмыстарымызға 20 шақты жұмыс орындары яғни ғалымдар, сонымен қатар зертханашылар таңдап алынып, осы қызметті атқаратын боламыз. 

Бүгінде еліміздің 33 тұқым шаруашылығы жұмыс істейді. Солардың бәрінен  дақыл  үлгілері алынып, зерттелмек. Негізгі мақсат – тұқым қорын экологиялық  қауіпсіз етіп  өнімділікті  40 процентке  арттыру.

А.Садуақас, Р.Жақыпов