Түсініксіз заңдардың мәтіні қайта жазылуы мүмкін

Елде жұмыс істеп тұрған 350-ден астам заң бар. Бірақ бірқатарының мәтіні түсініксіз. Себебі орыс тілінен қазақшаға аударылған. Салдарынан сөздің мағынасын ұғыну қиын.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің отырысында осы мәселе сөз болды. Жиынға сала мамандары қатысты. Сарапшылардың айтуынша, кейбір құжаттарда бір сөйлем 33 сөзден тұрады. Бұл дұрыс емес. Сондықтан маңызды қағаздардың мәтінін қайта жазу керек.

Нұрлан Бекназаров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қазіргі мақсат – заң қабылдау мәселесі емес, қабылданатын заңдардың немесе бұрын қабылданған заңдардың ішіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, күрделі нормалардың оқыту мәтінін реттеу, жеңілдету және оның құқықтық қолданылу мәселесінде қате жібермейтіндей жағдайларды қамтамасыз ету. Бұл жұмыс әлі біраз кезеңнен тұрады, жалғасын табады. Бір күнде шешілетін мәселе емес.