Қоғамдық орында қорқор мен темекі тұтынғандарға ₸111 млн айыппұл салынды
Жыл басынан бері қоғамдық орындарда кальян шегушілерге қатысты тексеру барысында жеке және заңды тұлғаларға 111 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Бұл санатқа қорқор қоспаларымен қатар, темекі бұйымдарын заңмен тыйым салынған ортада қолданғандар кіреді. Тәртіп сақшылары апта сайын рейд жүргізуде.
Рухани Әбдірахман, тілші:
- Жұмыс уақыты аяқталғалы әлдеқашан, ал астаналықтардың көбі осы кезде демалуға шығады. Мейрамханаларға жайбарақат жайғасады. Ал полиция қызметкерлерінде рейд басталады. Себеп – қоғамдық орындарда заңмен тыйым салынған қорқор сату және пайдалану фактілерін анықтау. Егер заң бұзушылықтар кезіксе тиісінше хаттама толтырылады. Бүгін сондай рейдтердің біріне бірге куә боламыз.
Тәртіп сақшыларымен бірге біз бас сұққан ең бірінші мейрамханада-ақ қорқордың будықтаған түтінін еріксіз көзіміз шалды. Полицейлер бірнеше мейманға және қоғамдық орынның иесі һәм әкімшісіне ережеге сай шара қолданып, тәртіпті түсіндірді. 441-баптың 3-бөлігіне сәйкес сіздерге әкімшілік хаттама толтырылады, кальян шегуге жол бергендеріңіз үшін қоғамдық орында. Администратор жауапты адам ретінде хаттама толтырылады. түсінікті.
Мейрамхана әкімшісі:
- Шынын айтсақ, біз тыйымның барын білмедік. Карантин кезеңінен бері барлық тексерулар алынып тасталды деп ойладық. Егер тыйым салынған болса, әрине, сатылымнан алып тастаймыз.
Ербұлан Мұқанов, Нұра аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы:
- Сағат 10-нан бастап рейд жүргізе бастадық. Үш мейрамхана тексерілді. Он әкімшілік хаттама толтырылды. администраторларға да толтырылды ескерту салынып.
Жыл басынан елдегі қоғамдық орындарда қорқор мен түрлі темекі бұйымын тұтынғаны үшін 2623 азаматқа хаттама толтырылды. Салынған айыппұл көлемі 100 млн теңгеден асады. 192 мейрамхана иесі әкімшілік жаза арқалады.
Ерлан Санатов, ҚР ІІМ ӘПК Профилактикалық қызмет басқармасының аға инспекторы:
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы бойынша жеке тұлғалар кальян темекілерін тұтыну фактілері анықталған кезінде 15 аек айыппұл салынады. Сол баптың 3-тармағы бойынша кафе, ресторан, барлардың иелеріне 20 дан 60 аек-ке дейін айыппұл салынады.
Кейбір сауық орындарының иесі қорқорға тыйым салынғанын білмедік деп ақталса, енді бірі қонағына салынған айыппұлды мейрамхана есебінен өтеуге дайын екенін айтты. Алайда, заң талабы - айыппұл төлеп құтылу емес, қоғамдық орында қорқор сатуды мүлде болдырмау.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірақ біз үшін халықтың елдің денсаулығына зиян келтіретін бизнесті заңдастыру емес, ең бірінші халық денсаулығына қасақана зиян келтіретін дүниелерден алшақ ұстау бірінші орында болып табылады.Жауапкершілікті өз басым көбейту керек депсанаймын.Толыққанды бұл мәселен талқылау керек өйткені расында заң бар бірақ неге жүзеге аспады? қай жерден қателік кетті? Уәкілетті органдар барып айыппұл сала бергеннен елді халықты улап жатқан табысы одан төмендемейтін болса, олар өзінің бизнесін тоқтату қаупін сезінбейтін болса олар аз-кем айыппұл төлеумен шектеле береді.
БЛИЦ:
- Мен өзім кальян шекпеймін. Бірақ мен ойлаймын мейрамханаларда кальян шегу дұрыс емес. Жаңағы өзімен қоса, қасындағы адамдарға да ол жағымсыз әсер етеді.
- Жиі кездестіремін мейрамханаларда, кафелерге барған кезде.
Кейбір жерлерде тексеріс болады. Кейбір жерлерде мүлде тексеріс болмайды. Емін-еркін адамдар сатып алады да, отыра береді.
Елордада 2 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны болса, соның жартысы - кейінгі кезде қорқорға әуестіктің ошағына айналған - лаунж бар мен мейрамханалар. Ішінде келушілеріне сан түрлі дәмдеуішпен әрленген «сиқырлы түтін» ұсынбайтыны кемде-кем.
Рухани Әбдірахман, тілші:
- Бірақ әрекеті заңсыз болса да, бұндай қоғамдық сауық орындарын лицензиядан айыру талабы қарастырылмаған. Сарапшылар қолданыстағы айыппұл мөлшері бизнеске айтарлықтай зардап келтіретіндей емес, -дейді. Дәрігерлер болса, кальян түтінінің улылығы темекі түтінінен бірнеше есе жоғары екенін әлдеқашан дәлелдеп, дабыл қағуда.