Президент: Жергілікті билік түбегейлі жаңғырды

Биылдан бастап барлық аудан әкімдерін халықтың өзі сайлайды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жайлы Бурабай баурайында өткен құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан еді. Иә, енді елдің сеніміне селкеу түсіріп, сынынан сүрінгендерге билікте орын жоқ. Жылдан жылға тағайындаудан тыйылып, жаппай дауыс беруге көшеміз. Сондай-ақ келелі кеңесте қазақ басшысы үш жылдың ішінде өткен ауыл әкімдерін сайлау да саяси жүйеге серпіліс әкелгенін атап өтті.

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Халық қаласа, хан түйесін сояды. Енді елдегі аудандық тіпті кейбір қала әкімдерін қалың қарашаның өзі сайлайды. Айтайық, былтыр мұндай 45 басшы билікке келді. Ал ауыл әкімдерінің 95%-ін халық сайлаған. Жыл соңына дейін қалғаны да бұқараның келісімімен қызметке кіріседі.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Өкілеттіліктері тоқтатылған әр түрлі себеппен заңда көрсетілген жағдай болатын болса, сол босаған орынға немесе босайын деп жатқан орынға тиісті мерзімге сайлау жарияланады және сол ауданның не қаланың тұрғындары сайлаушылары тікелей өздері жасырын түрде дауыс береді. Осы Конституциялық реформаның аясында өткізіп жатқан, іске асып жатқан жаңалықтар бұлар мүлдем жаңа ситуацияны туғызып отыр.

Бұл өзгеріс саяси жүйеге серпіліс сыйлады. Себебі, жергілікті әкімдер институты 72%-ке жаңарды. Яғни, билік басына жаңа есімдер келді. Тіпті олардың үштен бірі бұрын-соңды мемлекеттік қызметте болмаған.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл жалпы біздің тәуелсіздік мемлекетімізде бұрын болмаған мемлекеттік басқарудағы оң өзгерістердің бірі деп айтқым келеді. Өйткені халық өзінің мемлекеттік билікке тікелей араласудың нақты механизмі сезінді. Мысалы мен өзім Ақтөбе облысына барған кезде, халықты аралаған кезде, мысалы Қырғыз ауданы, Ойыл ауданы, Қобда аудандарының әкімдері сайланды. Ембі ауданның әкімдері сайланды. Оған халық өзі аяқтайды барып. Өзінің әкім деген міндетін, әкім деген маңдатын өзі берді.

Сондай-ақ жастар мен нәзік жандыларға жол ашылды. Айтайық, қазір елде 2400 ауыл әкімі болса, соның екі жүзден астамы әйелдер. 35 жасқа дейінгі басшылардың да қарасы қалың.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ол әйелдердің арасында «Томирис» жобасына қатысқан әйелдермен сөйлесем. Бүгінгі таңда бұл әкімдердің жауапкершілігі мүлде басқа. Біріншіден, бюжеттің төртінші деңгейлік бюджет орындалуына, тиімді жұмсалуына байланысты нақты өзіндің ұсыныстары бар, нақты өзіндік пайым-түсінігі бар өте жақсы. «Сонымен қатар бұл әкімдер статистиканы бұрмалауға жол бермейді, мысалы олар өздеріде айтып жатыр, мына статистика малдың бас саны осындай болған нақты статистика осындай мен бұны жорамалдауға жол бермеймін», - дейді. Бұл жалпы жауапкершілікті көрсетеді. 

Демокртиялық дүмпудің бір белгісін мәслихаттардан да байқауға болады. Мұндағы халық қалаулыларын да қарашының өзі сайлаған. Мәселен, Облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының 90%-і бір мандатты округтен сайланғандар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Бізде депутаттық корпустың осы Конституциялық реформаға дейінгі жағдайы бұлай болатын. 100% мәслихат депутаттары, 100% Парламент депутаттары бәріде тек партиялық тізіммен Парламентке мәжіліске кірген депутаттар болады. Қазір еліміздегі депутаттық корпустың 90%-ы бір маңдаттық депутаттар.

Жалпы жыл бедерінде 14 өңірде 35 мәслихат депутаты сайланады. Оның біреуі облыстық, 9-ы қалалық, 25-і аудандық деңгейде.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Жандос Битабаров