Әр үшінші оқушы буллинге ұшырайды
Әлемде әр үшінші оқушы мектепте қорлық пен қысым көреді. ЮНИСЕФ-тің дерегі бойынша, оқушылардың 36 пайызы төбелессе, әр үшінші бала жылына кемі бір рет соққыға жығылады. Кибербуллинг те ушығып барады. Әр оныншы бала виртуалды ортада қудалауға ұшырайды.
Ал мектепте немесе оған барар жолда зорлық-зомбылыққа тап болатын қыздардың саны жылына 60 миллионға жетеді. Әлемнің 21 елінде жүргізілген зерттеуге қарағанда, буллингке ұлдар жиі тап болады. 4-сынып оқушыларының арасында 63 пайыз ұл, 55 пайыз қыз қорлық көргенін айтқан. 8-сынып оқушылары арасында да бұл көрсеткіш осыған ұқсас. Бұл деректер балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың дүниежүзіндегі ауқымын айқын көрсетеді, дейді сарапшылар.