Қызылордада ЖИ еңбек сабағына енгізілді

Қызылордалық оқушылар еңбек сабағында жасанды интелектің көмегімен түрлі бұйымдар жасай бастады. Олар Сhat арқылы кәдесыйдың бейнесін әзірлеп, оны лазерлік қондырғы арқылы құрастырады. Бұл тәжірибе облыс орталығындағы № 293 «Келешек мектебінде» жүзеге асырылып жатыр.

Жұмысшы мамандығы жылына орай оқу ордасында шеберлік сабағы мен көрме ұйымдастырылды. Білім ұясында робо, аэро, наноквантум зертханалары да ашылған. «Оқушылар инженерлік мамандықтардың негіздерін мектеп қабырғасында үйрене бастайды», - дейді ұстаздар.

Мөлдір Смаханова, мектеп директоры:

- Бізде аэероквантум зертханасында оқушыларымыз аэродинамика негіздерін үйренуде. Бұның өзі де жасанды интелект көп көмегін тигізеді. Себебі оқушылар алдымен дронды игеру әдістерін осы жасанды интелект арқылы меңгерсе, әрі қарай оны іс жүзінде жүзеге асырып жатыр.