Оқушылардың 70%-ы спортпен тұрақты айналыспайды

Ресми дерекке сүйенсек, ел тұрғындарының 41,4 пайызы  дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысады.

Бұл шамамен 8,4 млн адам. Мемлекет 2029 жылға қарай көрсеткішті 50%-ға жеткізуді көздейді. Елде бұқаралық спортты дамыту бағытында арнайы бағдарламалар іске асырылып жатыр, әсіресе балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін спорт секциялары маңызды рөл атқарады. Бүгінде 4 жастан 17 жасқа дейінгі 240 мыңнан астам бала мемлекет қаржыландыратын 7 мыңнан астам спорт үйірмесіне тегін қатысады. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Елде бұқаралық спортпен жүйелі айналысады 8,4 млн адам  (41,4%)

Меже 2029 ж. - 50%

4-17 жас  аралығындағы  240 бала 7 мың тегін спорт үйірмесі.