Шымкентте әлеуметтік нысандар жаңартылады
Шымкентте тәулік бойы қызмет көрсететін психоневрологиялық орталық күрделі жөндеуден өтеді.
Әлеуметтік нысанның қазіргі жағдайымен Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев танысты. Енді мұндай мекемелер қызмет алушылардың санына байланысты қаржыландырылады. Бұл жергілікті тұрғындарға қалай әсер етеді?
Шымкенттегі №2-інші арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық ауруы бар ересектер тәулік бойы қызмет алады. Бірақ өткен ғасырдың ортасында салынған ғимарат күрделі жөндеуді қажет етеді.
Жанат Өтебаева, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:
- Ол жерде 240 жатын орынға арналған. 160 адам қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда ғимарат өте ескі болуына байланысты біз ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу бойынша республикадан қаржы сұрап жатырмыз. Сол мәселені көтердік.
Қазір мұндай мекемелер жан басы бойынша қаржыландырылады. Бұл бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді,-дейді мамандар.
Олжас Анафин, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:
- Президент Жолдауына сәйкес әлеуметтік қорғау шаралары қайта қаралады. Қазір тұрғындар санының өсуіне байланысты мұндай орталықтарға деген сұраныс та артады. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан қолдау жасалады.
Жұмыс тобы бұдан бөлек Шымкенттегі «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығында болды. Мұнда зейнеткерлерге барлық жағдай жасалған.
Еркебек Ордабекұлы, қала тұрғыны:
- Бізде бассейн бар. Тұзды шахта. Әр бөлімде невропатолог, кардиолог бар.
Орталық зейнеткерлер арасында белсенді өмір сүру салтын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Халықты әлеуметтік қолдау қашанда басты назарда болады», - дейді мамандар.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Катерина Попкова