Жетісу облысында 10 келіден аса есірткі тәркіленді

Жетісу облысында 51 жастағы ер адамнан 10 келіден аса қарасора тәркіленді. Күдіктіге есірткі «сақтады» және «тасымалдады» деген айып тағылып отыр.

Себебі оның үйін және Жамбыл облысындағы шаруашылық қоймасын тінту барысында 10 мың адамға арналған марихуана табылды. Айта кетейік, бір апта бұрын осы азаматтың сыбайластары да ұсталған болатын. Үш адамнан тұратын отбасы мүшелері зиянды заттарды сатып алып, саудалап отырған. Осылайша, «Қарасора» жедел іс-шаралар аясында өндіруші мен өткізуші де қамауға алынды. Аталған екі қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Нұржан Сейсенбеков, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Жыл басынан бері біздің қызметкерлермен 140-тан астам қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 100-ден астам азамат ұсталды. Бүгінгі күнге дейін 500 келіден артық әртүрлі заттар тәркіленді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 40 келіге дейін көбірек тәркіленді.