Елордада ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтіп жатыр

Елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Кеңесте білім беру саласында жасанды интеллектіні пайдалану мәселелері қарастырылады. ЖИ-дің оқу процесіндегі рөліне, мамандарды даярлауға және экономиканың түрлі салаларына енгізілуіне ерекше назар аударылады.