ШҚО-да туристік бағыттағы жерде орналасқан автожолды жөндеу қажет
Шығыс Қазақстан облысында Марқакөл мен Қытайдың Қанас көлі арасында трансшекаралық туристік бағыт ашу бастамасы көтерілуде.
Ұзындығы 300 шақырымнан асатын бұл маршрут екі елдің туризмін дамытуға серпін бермек. Алайда ол үшін Ұранқай - Төсқайың - Шанағаты ауылдары мен Қытайдың Майқаба ауылына дейінгі тозығы жеткен 88 шақырым автожолды жөндеу қажет. Құрылысқа қытайлық кәсіпкерлер де қызығушылық танытып отыр. Жақында өткен «Алтай Инвест» халықаралық форумында осы бағыттағы екіжақты келісімге қол қойылды.
Нұрбек Тұраров, ШҚО Жолаушылар көлігі және АЖ басқарма басшысының орынбасары:
- Құрылыс құны 62 млрд деп болжамдалады. Енді бұл қазір жобамыз жоқ қолымызда, әкімдік өз тарапынан жобалық сметалық құжат әзіірлейді және үкіметпен ҚазақстанРеспубликасы үкіметімен осы жобаға кепіл қаражат бөлу мәселесін пысықтайды.