Қазақстан мен Мажарстан президенттері Alem.AI орталығына барды
Қазақстанда 2029 жылға қарай жасанды интеллект өнімдерінің экспорты 5 млрд долларға жетеді, деп хабарлайды 24kz.
Меже орындалса, Астана саланың дамуы бойынша Орталық Азиядағы жетекші қалаға айналады. Сондай-ақ төрт жылдың төңірігінде мыңға жуық маман білімін жетілдіріп, 100-ге тарта стартап іске қосылады. Бұл Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығында жүзеге асатын жұмыстардың бір бөлігі ғаға. Бүгін бұл нысанға Қазақстан және Мажарстан президенттері барып, жұмысымен танысты.