Қарағандыда грек мәдени орталығының 30 жылдығы аталып өтілді
Қарағандыда «Понтос» грек мәдени орталығының 30 жылдығы аталып өтті.
Мерейтой Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. республикалық грек мәдениеті фестивалі аясында ұйымдастырылған мерекелік дөңгелек үстелде еліміздің әр өңірінен келген этномәдени бірлестік өкілдері бас қосты. Қазақстандағы гректердің саны шамамен 11 мыңдай. Тек Қарағанды облысында екі мыңға тарта грек ұлтының өкілі тұрады екен.
Марат Әзілханов, ҚХА Төрағасының орынбасары:
Үш онжылдық ішінде, аз да емес, көп те емес, «Понтос» беделді этномәдени бірлестікке айналды. Өз ана тіліне, тарихына, дәстүріне құрметпен қарауға, сондай-ақ туған елі – Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілікке тәрбиелейтін шынайы мектеп болды.