Шымкентте аутизмі бар балаларды оңалтуға құлтемір көмектеседі
Жеті жасар Әлимансұрға робот терепиясының көмегі тиді.
«Жасанды интеллектке негізделген оңалту курсында ой-өрісі дамып, сөйлеу қабілеті жақсарған. Зейіні ашылып, айналасына деген қызығушылығы да артып келеді», - дейді анасы Гүлнәр Елемесова.
Гүлнәр Елемесова, қала тұрғыны:
- Барлық комплексты жұмыс жасалғалы балада түсінік пайда болды. Гипербелсенділік басылды. Ерекше балалардың аналары үшін ең қуантарлығы - баланың сөйлегені.
Орталықта ой-өрісі мен есте сақтау қабілеті және психикалық дамуы кешеуілдеген 147 бала оңалтудан өтеді. Оларға робот терапиядан бөлек, сенсорлы бөлме, тұзбен емдеу және АВА әдістемелері тағайындалған. Арнайы логопед, дефектологтар сабақ өткізеді.
Гүлнәр Елемесова, қала тұрғыны:
- Қазіргі заман тез дамуына байланысты соңғы әдістемелік методикадан қалып кетпес үшін қызметкерлерімізді курстарға жіберіп тұрамыз. Соған қатысып, біліктілігін шыңдайды.
Өңірде 13 мың 651 бала инклюзивті біліммен қамтылған. Оларды оңалту мақсатында интернаттар мен арнайы орталықтар жұмыс істейді. Биыл коррекциялық ұйымның жолдама қорытындыларына сәйкес қосымша 4 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Мұнда ерекшелігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға да психологиялық қолдау көрсетіледі.
Ақжарқын Тұрсынова, қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы:
- Материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Яғни, оқушылардың сол жерде білімдерінің өсуіне диагностикаларының жоғарылауы барысында жұмыс жасалады. Ата-аналарға қолдау көрсетіледі.
Сала мамандарының айтуынша, заманауи технологиялардың арқасында қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді. Жұмысшы кадрлардың да жетілдірілген жаңа терапияларды меңгеруге құштарлығы жоғары. Сондықтан келесі жылдан бастап біліктілік курстарына жолдама көбейеді.