Қарағанды облысында еріктілер 200 ағаш екті
Шахтинскте республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңа аллеяға 200 ағаш егілді.
Экологиялық шараға оқушылар, студенттер, мұғалімдер мен еріктілер қатысты. Олар Шахтинскті таза әрі жасыл қалаға айналдыру мақсатындағы жұмыстарға белсенді түрде атсалысып жүр. Акция соңында қатысушылар баннерге таза қала туралы арманын және табиғатты қорғау туралы пікірін жазып қалдырды.
Айтуар Қуат, Шахтинск қаласы Жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
- Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, экологиялық мәдениетті ұстануға және қоғамға пайдалы болуға шақырамыз. Жастар біздің болашағымыз. Сондықтан оларды тазалық пен табиғатты сүюге тәрбиелеу өте маңызды. Мақсатымыз -Шахтинскті жасыл қалаға айналдыру.