Ақордада Финляндия президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
«Ақорда» резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті.
Бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары. Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті. Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.